Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарлық 2023 жылғы 16 маусымда Ақордада жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

ШҚО әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ол түрлі қызметтер атқарған. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының премьер-министрі (13.06.2003-08.01.2007 жж); Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi (10.01.2007-17.06.2009 жж.), Энергетика және инфрақұрылым министрі (2012-11.2014 жж.);

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылғы 11 қарашада тағайындалды. Ал 2022 жылғы 7 желтоқсанда осы өңірдің әкімі қызметіне қайта тағайындалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді