Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген көліктің 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бары анықталды

Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген көліктің 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бары анықталды
Фото: polisia.kz

Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген көліктің 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бары анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жүргізуші 3 млн теңгеге жуық қаражатқа жол жүрісі қағидасын бұзған.

19 мамыр күні “Буран – 23” экипажы “Қорғау-Сергек” АБК базасы бойынша тексеру кезінде “Қауіпті жүргізуші” қосымшасы бойынша Lexus автомашинаны байқаған, ол жол жүрісі қағидасын бірнеше рет бұза отырып, Сәтпаев даңғылында жоғары жылдамдықпен жүрген.

Полицейлер аталған көлікке жалпы сомасы 2 млн 287 мың теңгеге 46 айыппұл салынғанын анықтады.

Сол күні тәртіп сақшылары ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен КШТ ауданындағы үйлердің бірінің ауласында мемлекеттік нөмірлері алынған автокөлікті тапқан.

Тексеру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде азаматтың жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны анықталды.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта материал сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды