Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҰОС батырларын еске алды

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҰОС батырларын еске алды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері мен жас қызметкерлері Даңқ мемориалында Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Салтанатты іс-шара Отан үшін отқа түскен ардагерлер мен тылда майдан үшін жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне алғыс сөз айтудан басталды. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға облыс орталығының кішкентай тұрғындары, сондай-ақ кадет мектептерінің тыңдаушылары, ішкі істер органдарына алғаш рет қызметке кірген жас қызметкерлер де қатысты.


– Біз әрдайым еліміздің тыныштығын күзеткен Отан қорғаушыларға құрмет көрсетеміз. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Біз үшін отқа түскен жандарға мәнгі тағзым етеміз! Бұл күн Отанға адал қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын да бейнелейді. Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі біздің бүгінгі күніміздің, байтақ еліміз бен жеріміздегі тыныштықтың негізі, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Тілеуберген Көнекбаев.


Сонымен
қатар мереке қарсаңында 20-дан астам жас қызметкер ант қабылдады. Пенитенциарлық жүйедегі қызметті жаңадан бастаған қызметкерлер халыққа, Заңға және Отанға адал болуға ант берді. Өз мансабын жаңа бастаған ҚАЖ қызметкерлері үшін бұл жай ғана сөздер емес.

– Ант қабылдағаннан кейін сіздерге артылған үміттің салмағы еселенеді. Осы сәттен бастап әрқайсысыңыз антқа адал, сертке берік болуларыңыз керек, – Т. Көнекбаев.


Бұл салтанатты іс-шараға
 ҚАЖ ардагерлерінің кеңес мүшелері, сонымен қатар әскери офицерлер мен олардың әріптестері шақырылды.

– Ант қабылдау тек дәстүр ғана емес, бұл қоғаммен мемлекетке қызмет ету идеологиясының негізі. Ант – бұл өз қызметіңе деген мәңгілік адалдық, – деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Зейнолла Өміржанұлы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады