Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов салынып жатқан модульді типте емхана құрылысын тексеріп шықты

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда салынып жатқан 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексеріп шықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі. 

Болжанып отырған пандемияның екінші толқынына Атырау облысында дайындық күн санап күшейді. Дайындық шаралары аясында Атырауда 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі кезде тиісті жұмыстардың 85% аяқталды.  900 адам жұмыс істеп жатқан нысан осы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Медициналық нысан 180 стационарлық төсекке және 20 кереуеттік реанимациялық бөлім мен қарқынды терапияға арналған. Модульдік аурухананы облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен ТОО "BI Industrial"BI компаниясы мердігер болып анықталып, салып жатыр.

Инфекциялық ауруханалар стандартымен бой түзейтін медициналық мекеменің ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталады.

 
Ғимарат әкімшілік бөлігі бар медициналық блоктан, қабылдау-диагностикалық бөлімнен, операциялық блогы бар жансақтау бөлімінен және галерея типіндегі дәлізбен байланысқан бес бөлімнен тұрады.

Жұқпалы аурулар ауруханасын салу жобасы медициналық логистика мен инфекциялық бақылауды сақтай отырып, бір-бірімен ыңғайлы байланыста болатын блоктармен жасақталынған. Карантиндік және қарқынды терапия аймақтары бөлінген. Санитарлық бақылау бөлмелерін ұйымдастыра отырып, науқастардың мен қызметкерлердің жүріс бағыты белгіленген.

Мұнда 56 екі, 16 үш орынды палатаның, 6 бір орынды, көшеге жеке шығатын 7 екі орынды бокс, қарқынды терапия бөліміне 20 кереуетті орын, қабылдау-диагностикалық бөліміне 5 бокс қарастырылған.

Персоналға арналған санитарлық бақылау бөлмелерінің аймақтары барлық құрылымдық бөлімшелерде таза және жұқпалы аймақтар болып бөлінді. Адамдар қозғалысы бір-біріне кедергі келтірмейтіндей санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қарастырылған.

Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқарамасы мен құрылыс басқармаларына нысанның өз салаларына тиісті талаптарға сай келуін күнделікті тексеріп, қарап отыруды тапсырды.    

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады