Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулық дәрігер санитарлық талаптарды қатаң ұстануға шақырды

Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, санитарлық талаптарды сақтау керек. Себебі, күн суытқан мезгілде короновирус жұқпасы маусымдық тұмаумен бірге өршіп, пандемияның "екінші кезеңі" басталу қауіпі ықтимал, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаева Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

"Қазір облысымызда карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Бірақ, әлі де босаңсуға болмайды. Алда вирус өршитін суық мезгіл келе жатыр. Сондықтан, көпшілік жерге бармауға тырысып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып, қолды сабындап жуу, бір реттік қолғаптарды пайдалану сынды санитарлық талаптарды ұстану маңызды", - деді Клара Жасақбаева.

Дәрігердің айтуынша, емхана кешкі 20.00-ге дейін штаттық режимде қызмет көрсетуде. Жоспарлы екпемен қоса тұмауға қарсы вакцина да салынуда.

Емханаға келген пациенттерден дене қызуы анықталса, олар фильтр кабинетке апарылады.

Егер науқастан COVID-19 жұқпасына күдік немесе тұмау белгісі анықталса  ПТР сынамасы алынып, үйіне қайтарылады. Одан кейін науқас мобильді топтың бақылауында болады. Мобильды топ құрамында фельдшер, жалпы тәжірибелік дәрігер, психологтар бар.Айта кетейік, №3 Атырау қалалық емханасына қарасты 46 мың тұрғынға тоғыз мобильді топ қызмет көрсетуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты