Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әлі де «көк түтінге көміліп» тұр – Әлихан Смайылов

Астана әлі де «көк түтінге көміліп» тұр – Әлихан Смайылов
Фото: Liter.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов халықты газбен қамтудағы проблемаларды атады, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

«2019 жылы салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бойында тиісті инфрақұрылым тартылып, қажетті іске қосу кешендері орнатылды. Бұл ретте, Энергетика министрлігінің негізгі міндеті – газды өндіру, қайта өңдеу және өңірге дейін жеткізу. Ал, әкімдіктердің міндеті – осы газды тұтынушыларға дейін жеткізу, қосылу рәсімін қолжетімді, қарапайым және түсінікті ету. Сонымен қатар, Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарын көптен күткен газға қосу қарқыны өте төмен деңгейде қалып отыр. Бұл өңірлердің тұрғындары газ тарату желілері жоқ, рұқсат құжаттарын алу қиын және газға қосылу қымбат деп шағымданады. Бұл осы өңірлерге ғана емес, сонымен қатар газбен қамтылған басқа өңірлерге де қатысты», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Мысалы, оның дерегінше, Алматы облысының Биғаш ауылында тұрғындарға газ өткізуге 10 жыл бойы уәде беріліп келеді. Түркістан облысының Төле би ауданындағы Алшалы ауылының тұрғындары да бірнеше жылдан бері көгілдір отын күтіп жүр. Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылында газ 2014 жылы өткізілген. Бірақ, осы күнге дейін әкімшілік ғимараттар ғана қосылған.

«Ауылдық елді мекендерден басқа қалаларда да халықты газбен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, Астана әлі де «көк түтінге көміліп», ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Алматыда 2-ші Жылу электр орталығында жаңа бу-газ қондырғысын салу мерзімі кейінге шегерілуде. Өңір әкімдері мен «Қазақгаз» компаниясына осы мәселелерді ерекше бақылауға алу керек. Халықпен етене жұмыс істеп, барлық мәселені шешу қажет», - деді Әлихан Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді