Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен парламент сенаты депутаттарының өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Өкілеттілігі тоқтатылған парламент сенатының депутаттары: Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев; Владимир Васильевич Волков; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп; Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Қайрат Пернешұлы Қожамжаров; Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Серікбай Өтелгенұлы Трұмов; Асқар Оразалыұлы Шәкіров.
Айта кетейік, жоғарыда аталған тұлғалардың кейбірі мемлекет басшысының жарлығымен қайтадан парламент сенатының депутаты болып тағайындалды.
25-01-2023, 11:13
Сенатта 13 депутаттың өкілеттілігі тоқтады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз