Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайлы Ақорда.

Ерлан Қошанов президентке мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берді. Парламенттің төменгі палатасының спикері қабылданған бірқатар заңның мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.  

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта депутаттар халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған. Олар азаматтардың көтерген маңызды деген проблемаларын зерттеп, жүйелейді. Содан кейін үкіметпен бірлесіп бұл мәселелерді шешетін болады. Мәжіліс төрағасы президентке парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде де айтты.

Бұдан бөлек Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа АMANAT партиясының қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады. Оның сөзінше, "Жер аманаты" жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, одан бөлек партия үкіметпен бірлесіп, "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба аясында ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланып отыр. Сонымен бірге мәжіліс төрағасы мемлекет басшысына 23-24 маусым аралығында Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының XI пленарлық отырысына қатысқан Қазақстан делегациясы жұмысының қорытындысы туралы баяндады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді