Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Жетісу облысында 41 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы Жетісу облысында 41 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Жетісу облысында болды. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша,өңірде 41 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Комиссия мүшелері – партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, заңгер Бақытжан Базарбек, «AMANAT» партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Кербұлақ, Ескелді және Көксу аудандарының тұрғындарымен кездесіп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек аталған жұмыс еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.   
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарутуралы нақты тапсырма берді. Президент айтып өткен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселесі «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі саналады. Әрбір ауыл тұрғынының пікірін ескеруге тырысамыз және жайылымдық жерлер әділ бөлінуі үшін барымызды саламыз»,  деп атап өтті Дәулет Кәрібек. 

Өз кезегінде, Лабазы ауылының тұрғыны Қизат Абиров бүгінде жайылымдық жерлердіңтапшылығы бұрынғыдан да көп сезіліп отырғанын айтты.

«Ауылда тұрып, мал бағып отырғандарүшін бұл бірінші кезектегі мәселе. Көксу ауданында 6 мың гектардан астам жер қайтарылды. Сондықтан осы комиссияның жұмысына үлкен үміт артамыз»,  деп толықтырды Қизат Абиров. 
Естеріңізге сала кетейік, партия жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған болатын. Соңғы бірнеше айда комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы 160 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды