Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаржылық мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады

Қаржылық мониторинг агенттігі Михаил Козачковты ұстады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деп күдіктелуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі Telegram арнасында. 

Агенттік мәліметінше, Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған. Қаржылық мониторинг агенттігінің жазбасында, Козачковтың өз кезегінде құқық қорғау органдарында көп жылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовты ірі көлемдегі сыйақыға ҰҚТ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартқаны айтылды. Агенттік сонымен қатар Жансейітовтің Козачковқа Telegram арнасына модерациялауға көмектескенін, журналистің жарияланымдарының астына ҰҚТ басқа мүшелерімен бірігіп, комментарийлер орналастыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырғанын да мәлім етті.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол посттарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған. Агенттік мәліметінше, тергеу барысында Жансейтов пен Козачковтың өз қызметтір үшін ҰҚТ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденген. Сонымен қатар агенттіктің айтуынша, кәсіпкер Әбдіғаппаровтың шешесі Жүнісбековаға тиесілі "Есентай сити" жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялаған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті