Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр.
Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын.
11-08-2020, 13:07
Карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізу бойынша
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз