Қазгидромет РМК ресми сайты еліміздің ірі қалаларындағы ауа райының болжамын ұсынды. 
Оған сәйкес, жұма, 25 қарашада Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталса, елордада қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін жылынады. Қалада желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 
Ал Астанада қолайсыз ауа райы күтілуде: елордада қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Термометр бағанасы -2 -4 градусты көрсетеді деп болжанады. Шымкентте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде, қалада бүгін 12-14 градус жылы болады, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал.        
        
        
    
  	
         
         
         25-11-2022, 09:13
        
          
        
    Қар аралас жаңбыр: Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз