Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Индонезиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 268-ге жетті

Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 268 адамға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Басылымның хабарлауынша, 21 қарашада болған Индонезиядағы 5,6 балдық жер сілкінісінен кемінде 377 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алып, тағы 31 адам із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 268 адамға жеткен. Еске сала кетейік, бұған дейін 160-қа жуық адам құрбан болғаны туралы хабарланған болатын.

"Қазір біз 268 адамның қаза тапқанын білеміз. Деректер жүйелі түрде жаңартылып отырады", - дейді Индонезияның Апатты бақылау қызметінің басшысы.

Күшті жер сілкінісі салдарынан мыңдаған үй қираған, зардап шеккен аймақтың 13,7 мыңға жуық тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны белгілі. Олардың босқындар лагеріне орналастырылғаны белгілі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі Батыс Ява аралындағы Чанжур аймағында 10 шақырым тереңдікте болған. Сондай-ақ жер сілкінісі кем дегенде бір ауылды басып қалған көшкіні тудырғаны туралы деректер бар. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты