Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас прокуратура өкілі еліміздегі сайлау туралы пікір білдірді

Бас прокуратураның басқарма басшысы Азамат Сарғазин телемарафон барысында сайлау күні елдегі жағдай қандай болғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Прокуратура өкілінің айтуынша, ел бойынша жалпы электоралды кампания мен сайлау процесі барысында айтарлықтай тәртіпсіздіктер болмаған.

"Жалпы сайлау мен электоралды кампания тыныш жағдайда өтті. Азаматтардан дауыс беру құқығын шектеуге қатысты арыз-шағымдар түспеді" - дейді ол. 

Құзырлы ведомство өкілінің сөзінше, сайлау басталғаннан бастап прокуратура органдарына бар-жоғы үш шағым келім түскен, олар – Астана қаласы, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан. "Бас прокуратураға келіп түскен шағымдардың бірі ІІМ-не жөнелтілді, себебі автор онда ел алдында ұлтараздық қақтығыс туғызу дерегі бойынша шара қабылдауды сұраған. Екінші шағым Ақмола облысы прокуратурасына Көкшетау қаласының тұрғындарынан сайлау тәртібіне қатысты келіп түскен. Ол Көкшетау қаласы аумақтық сайлау комиссиясына жолданды. Тағы бір шағым прокуратураға сайлау учаскесінде сайлау орнынан еш себепсіз шығарылуына қатысты, бақылаушыдан келіп түскен. Аталған шағым да Ақтөбе аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтілді", - дейді ол.

Соттарға сайлау жөнінде екі шағым келіп түскен. Осылайша Жоғары сотқа Алматы қаласы тұрғынан кезектен тыс сайлауға байланысты шағым жеткен. Аталған арыз сотта қаралмайтындығы себепті кері қайтарылған. Екінші шағым Астана қаласы арнайы мамандандырылған аудандық әкімшілік сотына, "Еркіндік қанаты" ҚБ төрағасынан Астана қаласының №375 аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына қатысты келіп түскен. "Ол әлі прокуратура қарауында жатыр, сол себепті шешім шықпады", - дейді Азамат Сарғазин. Сонымен бірге ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев "Қазақстан" телеарнасына берген сұхбатында, сайлау күні сот органдары рұқсат етілмеген митингті өткізіп, оған қатысуға шақырған төрт адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді. 15 адамның әкімшілік хаттамалары сотқа жолданған. "Әкімдіктер мен прокурорлар аталған азаматтарға наразылық акцияларын өткізу заңсыз екендігін бірнеше рет ескерткен", - деп түсіндірді ол.

Оның сөзінше, сайлау соңында жалпы ел бойынша жағдай тұрақты деп бағаланып отыр, ал полиция әлі де күшейтілген рижимде жұмыс істеуде. Айта кетейік, бұған дейін сайлау күні елімізде қанша полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін хабарлаған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді