Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Смайылов Қазақстан азаматтығын алуды қатаңдататын заң талаптарын түсіндірді

Премьер-министр Әлихан Смайылов сенат кулуарында Қазақстан азаматтығын алу тәртібін қатаңдататын нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әлихан Смайылов аталған нормалар үкіметпен келісу сатысында екенін айтты.

"Біз бұл нормаларды қолдаймыз және оларды заңнамаға енгізу керек деп есептейміз. Көптеген елде азаматтық алу үшін сол елдің мемлекеттік тілі мен тарихын білу керек, сондай-ақ тиісті емтихан тапсыру керек. Мысалы, Германия, Түркия, Канада, Ресей федерациясында осындай талаптар бар. Бұл талаптар азаматтық алған адамдардың қоғамға тез бейімделуіне себеп болады. Сондықтан мұндай емтиханды тапсыру керек деп санаймыз", - дейді премьер-министр.

Үкімет басшысының сөзінше, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер осы талаптарға сай болуы керек. Бұл ретте Смайылов нормалар қабылданған жағдайда жекелеген санаттарға, оның ішінде этникалық қазақтар мен кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жеңілдетілген түрде азаматтық алатын адамдарға қолданылмайтынын атап өтті. Соңғысы Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамның осында тұратын жақын туыстары немесе жұбайы қазақ немесе қазақстандық, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болған жағдайларда қолданылады.

"Олар азаматтықты жеңілдетілген түрде алады. Қылмыс жасағандар азаматтық алуға өтініш бере алмайды. Заң жобасы жақын арада парламентке жолданады", - деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов. Еске сала кетейік, парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға Қазақстан төлқұжатын алу талаптарын қатаңдататын түзетулер әзірлеген болатын. "Түзетулерге сәйкес, мемлекеттік тіл, тарих және ұлттық заңнама негіздерін білмеу азаматтық алудан немесе оны қалпына келтіруден бас тартудың қосымша негіз ретінде қарастырылады", - деп атап өткен еді бұған дейін үкімет басшысы. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді