Смайылов Астанадағы LRT құрылысын қаржыландыру мәселесі көп талқыланғанын айтты. Оның айтуынша, бұл жобаның одан әрі дамытудың түрлі схемалары мен нұсқаларын зерттей келе, билік оны жүзеге асыруды жалғастырып, құрылысты аяқтау қажет деген ортақ пікірге келген. Бұл шешім халықаралық сарапшылар мен қала жұртшылығының пікірлерін ескере отырып қабылданған деп қосты министрлер кабинетінің басшысы. Дегенмен, Смайылов жобаның біршама оңтайландырылған түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.
"Қазір біз бұл жобаны қаржыландыруды жалғастырып жатырмыз, атап айтқанда, күзде құрылысты жалғастыруға қосымша 20 млрд теңге бөлдік. Бұл ақша игерілетін болғандықтан, біз оларды игерудің тиімділігіне, осы жоба аясында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қарайтын боламыз. Осыдан кейін осы жобаны біз жоспарлаған көлемде аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлеміз", – деп түйіндеді премьер-министр.
Еске салайық, Астана әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының аяқталу мерзімі туралы айтқан болатын. Бұл ретте ол аяқталмаған LRT бойынша атқарылған жұмыстардың ақысын қаланың әлі 5 жыл бойы төлейтінін атап өтті.