Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде автокөлігі бүлінген тұрғындарға жалпы есебі 566,7 миллион теңге төледі. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Қаңтар оқиғасы барысында автокөліктері бүлінген немесе жойылған Алматы қаласының тұрғындарына қатысты жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім келіп түсті.
Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу Ережелеріне сәйкес) жалпы сомасы 566,7 млн теңгеге барлық 143 өтінімге қолдау көрсетілді.
Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Шығыстар бойынша бағалауды жүргізу мемлекеттік органдар атынан аудан әкімдіктеріне жүктелген.
27-10-2022, 10:50
Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөліктерге 567 млн теңге төлеген
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз