Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаңтардағы оқиғалар кезінде еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілді - Скляр

ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс пленарлық отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр биылғы қаңтар айында Қазақстанда орын алған оқиғалардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазіргі таңда Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру және тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қаңтардағы оқиғалар кезінде еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілді. Бұл – Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.

Р. Склярдың айтуынша, келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге 28 млрд теңге бағытталды.

«Барлық нысандарға техникалық тексеріс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 28 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарының қажеттілігі анықталды. Бүгінгі таңда 21 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, биылғы мамыр және маусым айларында қалған 2 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қажет ететін 14 мемлекеттік нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр. Кестеге сәйкес 7 ғимаратта жұмыстар наурыз айында, 5 нысанда маусым айында аяқталады. 

«Едәуір келтірілген зақымды ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі мен “Қазақстан” ТРК ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады деп күтілуде», — деп нақтылады Р. Скляр. 

Бұған қоса, тәртіпсіздік барысында 1 630 ШОБ субъектісінің мүлкіне шамамен 38,6 млрд теңгеге шығын келтірілген.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының айтуынша, Мемлекет басшысының кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Тәртіпсіздіктер салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия осы жылғы 20 қаңтарда ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тетігін қабылдады.

Өтемақы жергілікті атқарушы орган жанындағы өңірлік комиссиялар келтірілген залал көлемін құжат негізінде растағаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл орайда кәсіпкерлер фискалдық деректерге сүйене отырып, жеңілдетілген тәртіппен 10 млн теңгеге дейін ала алады.

«Төлемдер Үкіметтің резервінен, сондай-ақ жеке қорлар есебінен беріледі. Биылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 1630 өтініштің 1 192-сін мақұлдады», — деп хабарлады Р. Скляр.

Қалған 438 кәсіпкер өтемақыны бағалау рәсімдері аяқталғаннан кейін алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді