Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жыл басынан берітемір жол көлігімен 137 млн. тонна жүк тасымалданды

Биылғы бірінші жарты жылдықта елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін байқалады. Өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 134 млн. тонна болса, биыл алғашқы 6 айда 137 млн. тоннаға жетіп, 2,2% өсім болды. Бұған экономикалық өсімі қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар ықпал етті, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР ИИДМ-ге сілтеме жасап.


Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.


Бұдан басқа, төтенше жағдайда және амалсыз бос тұрған кезеңде жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдау бойынша іс жүзіндегі шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қоры бөлігінде шаралар қабылданды.


Сонымен қатар, жолаушылар вагондарының тапшылығын жою мақсатында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 50 жолаушы вагоны сатып алынды. Олар Нұр – Сұлтан – Арқалық бағытына 14 вагон, Атырау – Маңғыстау – 18, Алматы – Жезқазған – 10, Нұр-Сұлтан-Семей-8 вагон түсті.


Бұдан басқа, темір жол көлігімен тасымалдаудың нормативтік негіздерін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Осылайша, биылғы бірінші жартыжылдықта тасымалдаушылар көп болған  жағдайда тасымалдау процесіндегі әрбір қатысушының өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға бағытталған темір жол көлігі мәселелері жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді.


Ағымдағы жылдың екінші жартысында жүк тасымалы нарығында шынайы бәсекелестікті дамыту үшін тиісті заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.


Анықтама:

Бүгінгі таңда "ҚТЖ "ҰК" АҚ мен ERG компаниялар тобының тапсырысы бойынша Ernst and Young консалтингтік компаниясы жүк тасымалдау нарығының моделіне жеке жүк тасымалдаушылардың ағымдағы көрсеткіштеріндегі талдау жүргізуде.

Мұндай жұмыс темір жол саласының тариф белгілеуін әділ реформалау және жеке және ұлттық жүк тасымалдаушы қызметіне бірдей жағдай жасау үшін қажет.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады