Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова әкесімен татуласқаннан кейін өз қалауындағы ер адамды кездестіргенін айтты

Кино саласынан бірнеше жылға тысқары қалған актриса Әсел Сәдуақасова "Честно говоря" бағдарламасында әкесімен татуласуына жеке өмірі себеп болғанын айтты. Өнер иесі жақындарымен қарым қатынасын өзгерткеннен кейін өз қалауындағы ер адамды кездестірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"Мені әкеммен қайта араласуыма жеке өмірімді қалыптастыра алмауым себеп болды. Себебі, менің жеке өмірім қанағаттындармады. Неге мен сияқты әдемі, жақсы, жетістікке жеткен ару өзін жанында бақытсыз сезінетін ер адамдарды ғана тартады? Бәрі жақсы. Адамдар жақсы. Бірақ мен бақытсызбын. Махаббат жоқ. Ұнатамын, бірақ сезімнің жалғасы жоқ. Бұл нәрсенің бәрін оқи келе, бәрі әкеге байланысты екенін түсіндім. Себебі, қыздардың өмірінде әкесі болмаса, кішкентай кезінде ішінен бейсаналы түрде үлкен реніш пайда болады. Біз ата анамызға ренжи алмаймыз. Сондықтан мұны ұмытқандай боламыз. Отыз жасыма дейін бұл жайлы ойламадым. Кейін ішімдегі бейсаналы сезімдерді түсіне бастадым. Егер біз ата анамыздың бірін қабылдамасақ, өзімізді қабылдай алмаймыз. Себебі, анамыз біздің сол бөлігіміз. Әкеміз оң бөлігіміз. Әке - әлеуметтік сәттерге, ал ана - өмірлік серігімізге, әлеуметтік жағдайымызға әсер етеді. Өзімді толық қабылдаған кезде, анамның бұрын ашуландыратын сөздеріне күле бастадым. Анам да "Мен өзгермедім, бұрынғыдаймын. Қызым сен өзгергенсің" деп айтты. Міне, анаммен байланысым өзгергеннен кейін менің айналамдағы адамдармен де ара қатынасым өзгере бастады. Бұл менің есейе бастағаным, - деді Әсел Сәдуақасова.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов актрисадан ата анасын қабылдағаннан кейін ер адамдармен қарым қатынасының қалай өзгергенін сұрады.

"Менің қазір кездесетін адамым бар. Ең қарапайым тәсілмен бөлісейін. Әр адам солай жасаса керемет болатын еді. Мен тура солай жасадым. Өзім мінсіз деп санайтын ер адамның бейнесін жаздым. Мен 108 тізім жаздым. Мен мұны қалай білдім? Мысалы: мейірімділік, рахымшылдық деген секілді қасиеттер тізімде болды. Кемі тізімде 50 қатар болуы керек. Екінші тізімде "Ер адамның "Оның саған қандай қарым қатынаста болғанын қалайсың?" деп аталады. Бұл жаттығуда сен кемі отыз тізім жасауың керек. Мен 77 қатарды толтырдым.

Сәуір айында Қазақстанға жұмыстармен қайтатын болдым. Бірнеше ұшақ ауыстырамын. Осы жолы ер адаммен таныстым. Мен жаттығудың 108 тізімін жасадым. Екінші кездесуде осы тізімдегі қасиеттердің бәрі ол азаматтың бойында бар екенін түсіндім. Үшінші кездесуде "Ер адамның маған қалай қарым қатынас жасағанын қалаймын?" деген жаттығуда жазған 77 тізімнің бар екенін білдім. Өмірде өзіңмен жұмыс жасағанда осындай ғажайыптар болады екен", - деді актриса. Айта кетейік, осыған дейін Әсел Сәдуақасова кинодан неліктен көрінбей кеткенін түсіндірді. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді