Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Варшава турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді – 6:4. Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды – 5:5. Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жазды – 7:5.Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді – 10:5.Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қазақстандық-германиялық дуэт 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Польшалық жұп та 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Өзбекстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді