Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет қант қызылшасын өсіруге субсидия көлемін көбейтеді

Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасы тоннасының құнын субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғаюының арқасында 40 мың теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды kazlenta.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Жетісу облысының қызылша өсіретін шаруашылық басшылары және дихандармен кездесуінде қант саласына мемлекеттік қолдауды күшейту туралы айтылды. Атап айтқанда, шаруашылықтардың қант қызылшасын өсіруге жұмсаған шығындары жыл сайын өсіп отыратыны және биылғы жылы 1 гектарға жұмсалған шығындар 900 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жеткені атап өтілді.


Қызылша өсірушілердің мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі өтініштерін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялар нормаларын ұлғайтты. Осылайша шикізатты қабылдау құнын бұрынғы 30 мың теңгенің орнына 40 мың теңгеге жеткізді. Соның арқасында қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне дейін теңестіріледі. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрі мемлекет қызылша өсірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын, қант саласын дамыту жөніндегі жоспар әзірленгенін атап өтті.


Қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасын субсидиялауды ұлғайтуға келесі жылы шамамен 11,5 млрд теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады, бұл ретте субсидиялаудың жаңа қағидаларында техниканың рұқсат етілген ең жоғары құнының белгіленген лимиттерін өзектендіру жоспарланып отыр.


«Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтеу нормативін 50% дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың жаңа ережелері 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр», - деді Әбілқайыр Тамабек


Кездесуде шаруалар қант саласын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, түсімнің, яғни пайданың өсуіне тікелей ықпал ететін агротехнологияларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда