Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет басшысы елде қанттың қымбаттауына байланысты арнайы тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды. Сондай-ақ елдегі қант өндірушілерінің өнімінің 90 пайызына жуығын сатып алған монополистің қызметін тексеруге тапсырма берді, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндірілетінін атап өтті. Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны атап өтілді, оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген, ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады. Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қордың болғаны анықталды.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеу тағайындады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін нарық субъектілерінің тауар биржасы арқылы қанттың ең аз партияларын (60 тонна) өткізу бөлігінде оларға бақылауды қатаңдату, сондай-ақ импорттаушыларды биржа арқылы қант өткізуді жүзеге асыруға міндеттеу және өндіруші зауыттар үшін шикізат сатып алуға айналым несиелерін бөлу мәселесін қарау ұсынылды. Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, мемлекеттік органдарға бірқатар қосымша тапсырмалар берді.  

Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша компанияға қатысты тергеуді жалғастыруды тапсырды. Қаржылық мониторинг агенттігіне осы кәсіпорынның қызметін ықтимал бұзушылықтар тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау тапсырылды. Сонымен қатар Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, отандық қант зауыттарына шикізат сатып алуға «айналым схемасы» бойынша қаражаттың бір бөлігін жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды