Биыл тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686-ны құрап, осы жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған kazlenta.kz
Бюро мәліметіне сәйкес, мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, бұл қалаларда тиісінше 6 392 және 6 389 шарт жасалған. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412. Тамыз айында мәміле жасасу күрт азайған өңір - Шығыс Қазақстан (-37,5 пайыз) және Алматы (-25 пайыз) облыстары. Ведомство бұны аймақтардың бөлінуімен түсіндірген. Бұл ретте Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі -5,7 пайызды құраған, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.
Мәмілелердің 74,3 пайызы көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7 пайызды құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған. 2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6 пайыз), Алматы облысы ( -24,6 пайыз) және Ақтөбе облыстарында (2,4 пайыз) сақталған. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3 пайыз) және Алматы қалаларында тіркелгені атап өтілген.
13-09-2022, 12:20
Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны тағы өсті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз