Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған 15 жастағы қазақстандықты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді. Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін үлкен теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанған еді. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді. Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты