Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жастар арасындағы келіспеушілік адам өлімімен аяқталды

Атырау облысында ауыл жастары арасындағы келіспеушіліктен атыс қаруы қолданылып, оқиға орнында бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Былтыр 3 наурыз күні Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында атыс қаруынан адам өлімі орын алды.


Атырау облысы полиция департаментінің басшылығы дереу ауыр қылмысқа қатысты тәжірибелі қызметкерлерден тергеу-жедел тобын құрып, бұл ауыр қылмыстың ашылуы, тергелуі бақылауға алынды.


Тергеп-тексеру барысында, қылмыстық оқиғаға қатысты күдікті төрт адам анықталды. Аудан көлемінде жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызған қылмыстық істі департаменттің Тергеу басқармасы өз өндірісіне алды.


– Мен ол кезде аса маңызды істерді тергеу жөніндегі аға тергеуші болатынмын. Бұл істі тергеу маған тапсырылды. Алдымен жүйелі талдау жасап, жедел тергеу ісін бастадым, – дейді Тергеу басқармасының бөлім бастығы Арсен Иманалиев.


– Көп ұзамай күдіктілер ұсталып, тергеуге алынды. Құлсары қаласының 30, 26, 28 жастағы төрт тұрғыны көршілес ықшам ауыл жастарымен арадағы келіспеушілікті, атыс қаруын қолданып шешу керек деп жоспар құрады.


Осы топ мүшелерінің бірінің көлігімен, алдын-ала өздерімен алып келген травматикалық тапанша, қысқа шолақ мылтық, резеңке оқ ататын мылтықпен қаруланып, көздеген ықшам ауылына келеді.


Мақсаттары осы ықшам ауданда тұратын “қарсыластарын” тауып алып, оларға күш көрсету.


Іздеп шыққан жігіттерді осындағы үйлердің бірінің жанынан көріп, көліктерін тоқтатып, біреуі көліктен түсіп, жиналып тұрғандарға жақындайды. Осы кезде үй жанындағылардың тарапынан көлікке қарай қарумен оқ атқан дауыс шығады. Сол жерде екі топта бір-біріне атыс қаруларын қолданады.


Салдарынан, “күтіп алушы” жақтан біреуі оқиға орнында мерт болады. Полиция қызметкерлері келгенше екі топта қашып үлгерді. Тергеудің бас кезінде, күдіктілер сөздерін жиі өзгертіп, іс-әрекеттерін бұрмалап, теріс жауаптар бере бастады. Күдіктілердің ешқайсысы қылмыстарын мойындамады.


Тергеуші Арсен Иманалиевтың нақты, бұлтартпайтын айғақ заттар мен дәлелдемелерді дұрыс қолдану әдістері, сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай тиянақты әрі сауатты жүргізген тергеу өз нәтижесін берді. Қылмыстық топтың қарумен жасаған қасақана қылмыс іс-әрекеттері, кінәлары толықтай дәлелденді.


Топ мүшелері, 1990 жылы туған ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (адам өлтіру), Қылмыстық кодексінің 287 бабының 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз , тасымалдау, алып жүру) қылмыстық әрекетті жасады. 1992 жылғы ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруын заңсыз , тасымалдау, алып жүру), ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған заттарды қолданып, азаматтарға күш қолдану). 1992 жылғы жігіт біреуі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, алып жүру), бұдан басқа, 293-баптың 3-бөлігі 2- тармағы (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, атыс қаруын қолданып, азаматтарға күш қолданумен) жасалған іс-әрекетті бойынша жауапқа тартылды. 1994 жылы туған жігіт ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабында көрсетілген, яғни (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық) бойынша қылмыстық істер айыптау қорытындылармен сотқа жолданды.


Атырау қалалық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыскерлер тиісті жазаларын алды.


Атап айтқанда, олардың алды 10 жыл, кейінгілерге 5 жыл, 4 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шықты.


Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі жүргізген полицей Арсен Иманалиевтың толық объективті түрде тергеп, процессуалдық шешім қабылдаудағы нәтижесінде, аса шулы қылмыстық істің нүктесі қойылды.


Фото: Polisia.kzскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді