Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында автобус жол жиегіне шығып кетті

Бүгін, 27 тамызда Түркістан облысы аумағында тас жолда шетел азаматтарын тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы жол шетіне шығып кетті. Адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы. 

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама таңғы сағат 7:18 шамасында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткенін анықтаған.

"Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетелдік азаматтар бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Адам шығыны жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
 
Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады