Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласында атмосфералық ауадағы бенз(а)пиреннің құрамына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Сынамаларды іріктеу келесі 5 нүктеде жүргізілді:
- Амангелді к-сі, Сәтбаев к-сі қиылысы;
- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;
- Айнабұлақ-3 ш.а.;
- Ақсай-3 ш.а., Маречек к-сі, Б. Момышұлы көшесінің қиылысы;
- Тастақ-1 ш.а., Төле би к-сі, 249.
Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бенз(а)пирен концентрациясы 0,0002-0,0004 мкг/м3 шегінде, бұл белгіленген нормадан төмен (ШРШ = 0,001 мкг/м3).
Бенз(а)пирен – химиялық компонент, күшті канцерогендік белсенділікке ие, өте улы. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің І (жоғары) сыныбына жатады. Көмірсутекті сұйық, қатты және газ тәрізді отынның жануы кезінде пайда болады (газ тәрізді жану кезінде аз дәрежеде), ірі қалаларда көбінесе автомобиль көлігімен бөлінеді.