Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еркебұлан Дауылбаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады.

2010-2011 жылдары — ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы.

2011-2012 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2014 жылдары — ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы.

2013-2014 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы.

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары — ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады