Өскеменде су тасқынына қарсы шараларды жүргізу жалғастырылуда: науаларды жөндеу, Ахмер ауылында және Шығыс кентінде жаңа арықтар салу, ЖМК шағынаудандарында, Защитада, Нефтебазада, Шмелев Лог және Красин кенттерінде арық арналарын тереңдетіп тазалау, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Қыста қардың аз тболуы нәтижесінде қалада қар жабынының биіктігі 15 см құрайды, «Қазгидромет» мамандарының мәліметі бойынша жердің қату тереңлігі 58 см, кейбір жерлерде 120 см дейінгіні құрайды.
Түнгі аяздың, қардың аз болуынан Согра шағын ауданындағы Сибирская көшесіндегі тау шаңғысы базасы ауданында Безымянный жылғасында мұз пайда болды. Оны «Таза Өскемен» МКК күштері арнаны ыстық сумен шаю жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды, жылғада жұмыстар жалғасуда.
«Восточник-5» бау-бақша қоғамының сол жағалауын, «Восточник-6» бау-бақша қоғамы жағынан Маховка өзенінің оң жағалауын нығайту басталды, үйінді жасаумен Скалистый және Дружинников көшелерінің бойымен сол жағалауды нығайту жоспарланған.
Сутасқыны қауіпті кезеңге 23 алып жүретін және 4 жалғанатын мотопомпа, қаланың мемлекеттік кәсіпорны МКК, мердігерлік жол және құрылыс ұйымдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің техникасы дайындалды. Қаптарды, инерттік материалдар және жанар-жағармай материалдарын даярлау жүргізілді.
ТЖ мүмкін болған жағдайда эвакуацияланатын халықты қаланың 5 орта мектебінде, 3 қонақүйде және «Үлбі» МӘО орналастыру жоспарланған.
2022 жылдың қаңтарынан бастап қаланың ТЖ өкілдері ТҮКШ бөлімімен, «Таза Өскемен» МКК, аумақтық басқару орталығы филиалдарымен бірлесіп су тасқыны қауіпті учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізеді.