Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚМА Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтері бағасының негізсіз өсіруді тоқтатып, тарифті төмендетті.

Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын толғандыратын өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. ҚМА тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын қолданып бағаны негізсіз көтеруге қарсы әрекет етуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҚМА Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополисттің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді.

Тергеу мүддесін сақтау үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда жылу тарифін 15%-ға төмендетсе, сонымен қатар 2021 жылдың тамызында коммуналдық қызмет бағасының негізсіз өсуін тоқтатқан болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады