Қазақстандық теннисші Анна Данилина өз мансабында тұңғыш рет Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.
2 сағат 18 минутқа созылған кездесуде Данилина мен Беатрис Аддад Майя жұбы жапондықтар С. Аояма/С.Эбихара жұбынан басым түсті.
Есеп – 6:4, 5:7, 6:4.
Финалда Анна Данилина мен Беатрис Аддад Майя чехиялық Б.Крейчекова/К.Синиакова жұбымен кездеседі.
Финалдық матч 30 қаңтарға жоспарланған.