Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан-АҚШ Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы жөніндегі Бірлескен мәлімдеме

2021 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстан-АҚШ Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның (КССК) жыл сайынғы отырысын табысты өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Дональд Лу Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады. 30 жылдық  мерейтой шеңберінде Америка Құрама Штаттары өзінің Қазақстанның тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына және егемендігіне қолдауын берік түрде қайта растады. Екі тарап өздерін АҚШ пен ҚР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жылдығымен құттықтады.

Жоғары деңгейдегі делегациялар бірқатар түйінді екіжақты және аймақтық саяси, экономикалық, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Америка Құрама Штаттары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саяси реформалау жөніндегі күш-жігерлерін, оның ішінде 2021 жылғы
9 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» жарлығын құптады. Екі тарап 2022 жылдың басында Демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі Диалогтың алғашқы кездесуіне дайындықты бастауға уағдаласты.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға терроризмге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі, бітімгершілік, ядролық қаруды таратпау, климаттың өзгеруі және аймақтық қауіпсіздік сияқты ортақ сын қатерлерді шешудегі берік серіктестігі үшін өзінің алғысын білдірді. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның соғыс аймақтарындағы азаматтарды және олардың отбасыларын репатриациялаудағы көшбасшылығын жоғары бағалап, оларды оңалту мен қайта қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға міндеттенді. Қатысушылар ядролық қаруды таратпау қағидаттары мен тәжірибесінде Қазақстан жаһандық көшбасшы екенін атап өтті. Америка Құрама Штаттары Семей ядролық полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін Қазақстанмен тығыз серіктестік орнатуға ниетті болып қала беруде.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Рахметуллин мен Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның ауған халқына гуманитарлық қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді. Америка Құрама Штаттары USAID қызметкерлерінің Кабулдан Алматыға уақытша ауыстырылуына ризашылығын білдіріп, Қазақстанның Алматыда аймақтық гуманитарлық хаб құру бастамасын атап өтті. Екі тарап C5+1 және сауда мен инвестициялық негіздемелік келісім (TIFA) аясында аймақтық өзара іс-қимылды одан әрі жандандыруға қолдау білдірді.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар бағдарламасын құптады және тараптар америкалық компаниялардың Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-америкалық жұмыс тобының тұрақты отырыстары өзара мүдделерге ықпал ететінін атай отырып, Қазақстандағы сауда айналымы мен инвестициясын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қатысушылар санкциялардың Қазақстан экономикасына күтпеген салдары болуына жол бермеу ету бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті. Америка Құрама Штаттары экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының Он екінші министрлер конференциясына төрағалығын құптады.

Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында «тұрақты қалыпты сауда қатынастарын» орнату мүмкіндігін талқылады. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі аға кеңесші Африн Ахтер ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ағылшын тілі мен білім алмасу, әйелдердің саяси, әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ аймақтық өркендеу мен өзара байланыстылыққа жәрдемдесетін бірлескен бастамаларды талқылады.

Сонымен бірге, тараптар әскерилер, құқық қорғау органдары, шекара және кеден органдары арасындағы байланысты тереңдету арқылы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастықтың Төртінші бесжылдық жоспары шеңберінде нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Екі тарап тиімді энергия және жасыл технологияларды дамытуға қызығушылық танытты. Қатысушылар C5+1 аясында климаттық  мәселелер бойынша өткен министрлік отырысының нәтижелерін талқылады. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және 2030 жылға қарай жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға жеткізу жөніндегі міндеттемесін жоғары бағалап, Қазақстанды Жаһандық метан кепіліне қосылуға шақырды.
Тараптар Глазгода болып өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) аясында Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің қайта жаңартылған міндеттемелерін ескере отырып,
C5+1 аясында климатқа бейімделу, оның теріс салдарын азайту мен жасыл экономиканы дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу АҚШ-тың COVID-19 індетіне қарсы тұрудағы Қазақстанның күш-жігеріне қосқан көмегін атап өтті. Делегациялар академиялық және ғылыми алмасулар арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады. Екі тарап шешім қабылдау үдерістерінде әйелдердің өкілдігін арттыру бойынша күш-жігерлерді қолдауды жалғастыруға мүдделі екендіктерін білдірді. Екі тарап Орталық Азия мен Ауғанстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін KazAID пен USAID арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытты.

Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мен Мемлекеттік хатшының демократия, адам құқықтары және еңбек жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара Макдональд діни сенім немесе сенім бостандығын қолдау, адам саудасымен күресу, азаптауларды жою, босқындарды қорғау, әйелдер құқықтарын қорғау, әйелдердің экономикалық қауіпсіздігін ілгерілету және тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғамды қолдау бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Рахметуллин мен Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның келесі отырысын 2022 жылы Вашингтонда өткізуге ниет білдірді. Сонымен қатар, олар Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Вашингтонға сапарын 2022 жылдың бірінші жартысында  ұйымдастыру мәселесін талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді