Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Pfizer екпесін қанша адам алды?

Елордада Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататын контингенттің 8,6 мыңнан астамы егілді. Вакцинациядан өткендер арасында бірінші орында жасөспірімдер – 12 жастан асқан 5 900-ге жуық бала тұр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың медициналық ұйымдарда да, білім беру мекемелерінің медициналық пункттерінде де белсенді вакцинацияланатынын хабарлады.

Одан кейін емізетін аналар – 2 500-ден астам, ал жүкті әйелдер – 191 адам.

Вакцинацияланғандардың өздері атап өткендей, вакцина жеңіл әрі ешқандай асқынусыз өтіп жатыр.

«Шынымды айтсам, вакцинациядан кейін өзімді қалай сезінетінім туралы көбірек уайымдадым. Pfizer жеңіл және одан кейін «жанама» күшті емес екенін естігенмін. Бірақ әр адамның ағзасы өз жолымен қабылдайды. Ала менің босқа алаңдаппын. Вакцинациядан 6 күн өтті, өзімді жақсы сезінемін», - дейді бір жарым жасар баланың анасы Азиза Ануарбекова.

Оқушылар арасында вакцинацияның жоғары қарқыны байқалғандықтан, жасөспірімдер Pfizer-ге қалай қарайтындығын және олардың вакцинацияны қалай алуға болатындығы туралы өз ойымен бөлісті.

«Пандемия басталған кезде біз жасөспірімдер ересектер сияқты жеткілікті деңгейде қорғалмадық. Олар вакцина алған соң еш қиындықсыз жұмысына бара алды. Ал біз сабағымызға толық қатыса алмадық, секцияларға немесе жаттығуларға бара алмадық, өйткені барлық жерде жұқтыру қаупі болды. Бұл мені қатты алаңдатты. Мен өзімнің қорғалғаныма сенімді болғым келді. Ата-анам да осындай пікірде, сондықтан ұзақ ойланбастан анам екеуміз емханаға барып, бірден вакцинацияландық. Өзімді әдеттегідей сезінемін», - дейді колледждің 16 жастағы студенті Батырхан Жанасылов.

Жалпы қала бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 475 мыңға жуық азамат алды, ал 434 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті.

Сондай-ақ, елордада компоненттер арасындағы интервалға сәйкес азаматтардың ревакцинациясы жалғасуда. Осылайша, қалада 1600-ден астам адам қайта егілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты