Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қарағайлы саябағына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Қарағайлы саябағын аралап көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Президентке Алматы қаласын көркейтуге бағытталған алдағы жұмыс жоспары мен көгалдандыру ісінің ауқымы туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында қала бойынша 3 жылда 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланғаны жөнінде баяндалды. Биыл 350 мың көшет егу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта саябақтың аумағын  63 гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Іле Алатауы табиғи паркі мен Алматы қорығы аумағында саяхатшылар мен альпинистердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін салынған шағын үйлер көрсетілді. Олар жылыту пештерімен және төтенше жағдайда қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған. 

Мемлекет басшысы саябаққа тал егіп, қала тұрғындары мен қонақтардың жайлы демалуына, қауіпсіздігіне және қоршаған ортаның тазалағына баса мән берілген жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді. 

– Мен Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу бастамасын ұсындым. Өйткені біз, шын мәнінде, көгалдандыруға зәруміз. Алматы бұрын жасыл қала еді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бұл мәртебесін жоғалтып алды. Айырылып қалған мәртебемізді қайтаруымыз керек. Ағаш егу – биік мәдениеттіліктің белгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты