Ср, 30 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында «TURANSEZ» АЭА құрылады

Қазақстанда түркітілдес елдерді біріктіретін «TURANSEZ» арнайы экономикалық аймағы құрылатыны туралы Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Түркия және түркітілдес елдер арасында өткізілген «Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы ортақ көзқарас» атты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференцияда хабарлады.

Министр Түркістандағы АЭА 2020 жылы Мемлекет басшысының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде берген тапсырмасы бойынша құрылатынын атап көрсетті.

«Түркістан облысының аумағындағы «TURANSEZ» АӨК өнімін өңдеу, машина жасау, электр жабдығын өндіру, туристік және білім беру кластерлерінен тұратын өнеркәсіптік-өндірістік кластер құруды, сондай-ақ өзара тиімді сауда қатынастарына жәрдемдесуді көздейді», - деді Әсет Ерғалиев.

Министр Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанға $380 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын, бұл Орталық Азия өңіріне салынған инвестицияның жалпы ағынының 70%-ін құрайтынын атап өтті. Бұл ретте пандемия әлемнің барлық елдерінің сауда-экономикалық байланыстарына да, ұлттық экономиканың дамуына да бірқатар түзетулер енгізді.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы қалпына келу траекториясында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%. Жыл қорытындысы бойынша өсім 4%-ке жетеді деп болжануда.

ҰЭМ басшысы Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Премьер-Министрдің басшылығымен Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істеуде. Ол инвестжобаларды іске асыру процесінде туындайтын мәселелерді қарап, нақты шешімдер әзірлейді.

«Біздің еліміз едәуір жайлы салықтық ынталандыруларды ұсынуда. ЕО және ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда салық және әлеуметтік алымдардың мөлшерлемесі 10%-тен төмен», - деді ол.

Басым салалардағы инвесторлар корпоративтік және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылған.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Оның жұмысы ағылшын құқығына негізделген әрі елімізге мүлде қауіпсіз инвестиция салу үшін жағдай жасауда. Шанхай қор биржасымен NASDAQ-пен бірлесіп, АХҚО іске қосылды.

Орталық аумағында нөлдік корпоративтік және жеке табыс салық мөлшерлемесі бар қолайлы салық режімі, сондай-ақ оңайлатылған визалық режім әрекет етеді.

Қолдаудың жаңа құралы – әрбір инвесторға жеке қолдау шараларын ұсынатын Инвестициялар туралы келісім заң жүзінде енгізілді.

«Елімізде инвесторлар үшін едәуір қолайлы шарттар жасалғанын атап өтейін. Түркі мемлекеттеріндегі әріптестеріме Қазақстанда жоғары технологиялық, оның ішінде халық саны 180 млн-нан асатын ЕАЭО елдерінің нарығына бағытталған  бірлескен кәсіпорындар құруға шақырамын», - деді Әсет Ерғалиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты