Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасына 100 күн қалды

Келер, 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды. Төрт жылда бір келетін басты бәсекенің ресми ашылуы 4 ақпанда өткенімен керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталады. Бейжіңде 7 спорт түрі бойынша 15 санатта 109 жарыс өткелі тұр. Бұл қысқы Олимпиадалар тарихында бұрын соңды болмаған жайт, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Олимпиаданың ресми медальдары

«Tонг Ксинь», қазақша «біз бірге - біртұтаспыз» деп аталатын бұл жүлделер «Бірге ортақ болашақ үшін» атты салтанатты іс-шарада таныстырылды. Үш жүлде де 2008 жылғы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада медальдарына ұқсата жасалған. Бұл Бейжің – жазғы және қысқы Олимпиаданы қатар өткізген бірінші қала екенін аңғартады.

Талисман

Beijing 2022 талисманы «Бин Дуньдунь» деп аталады. Қазіргі қытай тілінде «бин» сөзі бірнеше мағына береді. Ең алдымен «мұз», сонымен бірге «тазалық», «күш» деген мағынасы бар. Ал «Дуньдун» сөзі «дені сау», «күшті» және «көңілді» дегенді білдіреді. Бір қызығы, бұл сөз балалар туралы сөйлескенде жиі қолданылады екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Олимпиада тұмары – бұл қатысушылар мен көрермендерге қуаныш сыйлайтын қысқы спорт түрлерінің елшісі. Ол спортшылардың күші мен ерік-жігерін бейнелейді.

«Бин Дуньдунь» ккафандрға ұқсас мұздан жасалған кастюм киген. Талисман авторы Цао Сюэ мен ұйымдастырушылар осы арқылы шексіз мүмкіндік сыйлайтын жаңа технологиялар мен болашақты көрсетуге тырысқан. Мұз костюміндегі панда спортшылармен бірге коньки, шаңғы және сноуборд тебе алады. Сол аяғындағы жүрек олимпиаданың барлық қатысушысы мен көрерменіне деген Қытайдың қонақжайлылығын білдіреді. Айта кетейік, Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті жариялаған байқауға Қытайдан ғана емес, тағы 35 елден 5800 талисман эскизі келіп түскен.

Спорт нысандары

Бейжің – жазғы және қысқы Олимпиаданы қатар қабылдайтын алғашқы қала. Келер жылы қысқы спорт түрлерінен жарыс кезінде 2008 жылғы жазғы Олимпиада кезіндегі бірнеше спорт нысаны қолданылады. Қаладағы нысандар үш кластерге – Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу болып бөлінген.

Алғашқысында мұз спорт түрлерінен жарыстар мен ойындардың ашылу-жабылу салтанаты өтеді. Ұлттық стадион, Бейжің ұлттық жүзу кешені, Бейжің мемлекеттік спорт сарайы, «Укэсун» спорт орталығы (шайбалы хоккей), Ұлттық конькимен жүгіру стадионы (конькимен жүгіру), 2008 жылы волейбол бәсеесі өткен астанадағы спорт сарайы, «Биг-эйр Шоген» трамплині мен Олимпиада ауылы Бейжің кластеріне кіреді.

Ал қаладан 75 шақырым жердегі таулы Яньцин кластерінде тұрған Ұлттық шана-бобслей орталығы, Ұлттық тау шаңғысы орталығы, Яньцин олимпиада ауылы спортшылар мен жанкүйерлерге есігін айқара ашпақ.

Чжанцзякоу кластерінде Ұлттық биатлон орталығы, Трамплиннен секіру ұлттық орталығы, Ұлттық шаңғы орталығы, Гентин қар паркі (фристайл, сноуборд), Чжанцзякоу олимпиада ауылы бар.

Эмблема

Суретші Лян Цюань Чжэн жасаған Олимпиада эмблемасы Қытайдың дәстүрлі және заманауи мәдениетінің элементтерін біріктіреді. Сонымен қатар қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншілігін білдіреді. Логотип Қытайдың «қыс» иероглифіне негізделген. Жоғарғы бөлігінде эмблема конькимен жүгірушінің бейнесіне, төменгі бөлігінде шаңғышының силуэтіне ұқсайды. Ұшатын лента Қытайдың тау жоталарын, спорт нысандарын білдіреді. Көк түс арманды, болашақты, мұз бен қар тазалығын аңғартады. Қызыл және сары – Қытай туының түсі, олар ұмтылысты, жастықты және өмірлік энергияны суреттейді.

Ұран

Together for a Shared Future (бірге ортақ болашақ үшін) – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиаданың ресми ұраны. Ұран жаһандық проблемаларды жеңуде бүкіл адамзат үшін ортақ болашағы бар ойындар мен қоғамдастықтың күшін бейнелейді. Бұл сөздер бүкіл әлемде жарқын болашақ үшін, соның ішінде коронавирус пандемиясы кезіндегі қиындықтарды ескере отырып, бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді. Ұранды таңдау былтыр мамыр-қыркүйек айларына дейін созылды. Осы уақыт ішінде Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті Қытай университеттерінің 79 ұсынысын жинады. Әр түрлі саладағы сарапшылар қысқа тізімге енген 11 нұсқанының ішінен осыны таңдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді