Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масацугу Асакаваны қаржы институтының басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, Азия даму банкінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.  

– 27 жыл ішіндегі ынтымақтастық аясында Азия даму банкі Қазақстанның экономикасына 6 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Бұл қаржы айтарлықтай қомақты және ынтымақтастығымыздың табысты дамығанын айғақтайды. Арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді әрі өзара тиімді байланыстарды қолдауға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы серіктестіктің жаңа Стратегиясын әзірлеу мәселесіне ерекше мән берілді.

– Азия даму банкінің Қазақстанға қатысты жаңа Стратегиясында біздің ұлттық басымдықтарымыз бен жоспарларымыз, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, экономиканы әртараптандыру және жасыл экономикалық өсім, теңгерімді аумақтық даму, сауда-экономикалық ынтымақтастық, цифрландыру мәселелері толық ескерілетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Азия даму банкінің басшысына еліміздегі ішкі жалпы өнім деңгейінің артқаны, инфляцияға қарсы қабылданған шаралар, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнеске көрсетіліп отырған қолдау шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Масацугу Асакава Қазақстандағы пандемияға қарсы қабылданған шараларға оң баға берді.

– COVID-19 індетіне қарсы бағытталған күш-жігерлеріңіз туралы хабардармын. Үкіметтеріңіз белсенді шараларды жүзеге асырып, вирустың өршуін тежеу үшін нақты шешімдер қабылдап отыр.  Ел экономикасына және халықтың әл-ауқатына кері әсер еткен пандемияның салдарын жеңілдету мақсатында ішкі жалпы өнімнің 9,5 пайыз көлеміндегі дағдарысқа қарсы шаралардың ауқымды пакетін қабылдағаныңызды қолдаймыз, – деді Азия даму банкінің басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда