Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына саябақ салынады

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір тартылыс нүктесі ашылмақ. Салынып жатқан мешіттің айналасынан таза ауада уақыт өткізу үшін қолайлы орын — үлкен саябақ ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала басшысының сөзінше, саябақ Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн бен Талал көшелерінің бойында орналасады. Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, оның ішінде шағын архитектуралық мүсіндер, көлеңкелі шатырлар орналасады.

"Жылдан жылға бұл аумақты көгалдандырамыз. Қалада өзіндік «жасыл аралдар» құру өте маңызды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмысын жүргіземіз",- деп жазды қала басшысы.

Алтай Көлгінов салынып жатқан мешіттің көлемі туралы да айтты.

"Мешітке келер болсақ, бұл — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам. Мешіт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен салынып жатыр",- деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты