Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзарды

Елорда тұрғындарының өтінішін ескере отырып, вакцинацияланғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынының уақыты ұзарды. Осылайша 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек күнін қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі апта сайын вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі iPhone телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. Бұдан бөлек, вакцинацияланғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойынын екпе пункттері орналасқан СОО және СҮ өткізеді.

Сондай-ақ, «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны өтеді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары жұртшылықты вакцинациялауға ынталандыру, осылайша өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты