Қаңғыбас мысықтар мен иттердің санын реттеу мақсатында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы иттер мен мысықтарды тегін зарарсыздандыру және кастрациялау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік осал тұрғындары мен қалалық жануарларға арналған баспаналарындағы 2500 ит пен 1500 мысықты кастрация және стерилизациямен қамту жоспарланып отыр.
Операция Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы алдын ала беретін "INUCOBO" талондарының негізінде Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 52 мекенжайы бойынша жүргізіледі, анықтама телефоны: 8-701-012-86-12.
Қабылдау алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Ота жасау үшін мысықтар мен иттер толығымен сау, құрттардан емделген және вакцинацияланған болуы керек. Сондай-ақ, операциядан 4-6 сағат бұрын ашығу диетасын сақтау керек.
Нұр-Сұлтанда иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және стерильдеу жүргізіледі.