Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өткен жылдың желтоқсан айында «жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізді. Құжатта жануарларға жауапкершілікпен қарауды және оларға адамгершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған нормалар бар, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Заң жобасы қабылданғаннан кейін жануарларды мәдени-ойын-сауық, ойын-сауық, көрсету мақсатында пайдалану кезінде, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесі және медициналық мақсаттарда пайдаланылатын эксперименттік жануарларды күтіп-бағу мен өсіруге қойылатын талаптар күшейтілетін болады.


Бұдан басқа, қоғам белсенділері қолданыстағы заңнамаға жануарларға жарақат келтіруді және мертіктіруді, оларды жансыздандыруды, жануарларды союға тыйым салуды, сондай-ақ оларға қатыгездікпен қарауды насихаттаудың өзге де нысандарын насихаттайтын баспа, дыбыс-бейне өнімдерін көрсетуге, таратуға тыйым салу жөніндегі нормаларды қосу туралы қосымша ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр.


Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынады. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 316-бабына өзгерістер енгізу талап етіледі.


Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік кодекстің 408-бабын қатаңдату жолымен айыппұлды 20 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады