Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көркем гимнастикадан ашық біріншілік өтті

 

Алматыда Наталья Кузнецова атындағы гимнастика мектебінің дәстүрлі ашық біріншілігі өз  мәресіне жетті.


Жарысқа жекелей сында 750 спортшы және әлемнің 7 елінен, 31 командадан 14 топтық жаттығу бойынша 2012 жылы туған және одан кіші жастағы 214 қатысушы қатысты.


«Турнирдің негізгі контингенті 4-6 жастағы, жаңадан бастаған гимнасшылардан тұрады. Олар үшін арнайы санаттар ойластырылды. Нәтижесінде, 2012 жылы туған және одан кіші жастағы «С» және «С2» санатындағы балалар алтын медальдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Біз мұны балаларды ынталандыру үшін жасаймыз. Сонымен қатар осы жастағы «А» және «В» санаттарындағы тәжірибелі  гимнасшылар да жүлдегерлер қатарынан табылды», - дейді турнирдің бас хатшысы, Н.Кузнецова мектебінің аға жаттықтырушы Виктория Горбунова.


Ұйымдастыру комитетіні хабарлағандай, жарыс 5 санатқа бөлініп, өзіндік ережелері мен жүлделі орындары бекітілген. Турнирді ұйымдастыру комитеті өкілдерінің сөзіне сүйенсек, бұл жүйе  қатысушылардың тұлғалық мүмкіндігін ашып қана қоймай, сонымен қатар білікті төрешілердің де жаңа тобын өсіруге мүмкіндік береді. Мәселен, жас мамандар қатысушылардың кіші топтарын бағалап, күрделі композициялар бойынша тәжірибе жинайды. 


«Биыл турнирге Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің жазғы спорт түрлері қызметі жетекшісі Даниса Дүйсенғалиева қатысты. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі білікті менеджерлер турнирді жіті бақылап, ұлттық құрамаға лайық жетекші гимнасшылар резервін байқай алады. Сондай-ақ, клуб жұмысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлесімізді объективті тұрғыда бағалай алады», - дейді жарыстың бас төрешісі, Н.Кузнецова көркем гимнастика клубының бас директоры Анастасия Журавлева.

Сурет: Mile-High Stars Athletics
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді