Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда волонтерлері Паралимпиада спортшыларына жеңіс тілеп, бейнеүндеу жолдады

2021 жылғы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода паралимпиадалық ойындар өтеді. Спорттың 7 түрінен 25 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. Осы орайда елорда волонтерлері спортшыларымызға қолдау білдіріп, бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«Біздің спортшыларымыз ең жылдам, ең мықты, рух биік! Көк туымыз жеңіс тұғырында желбірей берсін!»

«Бойда қайрат, жүректе от барда елімізді талай жеңісімен қуантатын паралимпиада спортшыларына тек қана сәттілік тілейміз!» - деген жастар спортшыларымызға сенім білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, бұл шараның мақсаты – Паралимпиада ойындарына еліміздің атынан қатысатын барлық спортшыға қолдау білдіру.

«Бейнеүндеу арқылы барлық Қазақстан жастарын, ел тұрғындарын аталған байрақты бәсекеде спортшыларымыздың рухы биік, өздеріне нық сенімді болуы үшін қолдауға шақыру. Нұр-Сүлтан қаласының волонтерлер штабынан бастау алған шараны 17 өңірдің жастарына жолдамақпыз. Паралимпиада спортшыларын қолдауға арналған бейнеүндеуімізді елорданың жастар ұйымдары, сондай-ақ ЖОО белсенді жастары да арнайы хештегпен түсіріп, жалғастырады», - деді Қайрат Қамбаров.

Елорда жастарының бастамасымен қолға алынған бұл шара бейнеүндеумен тоқтап қалмай, ары қарай оффлайн форматтағы акция, флешмобтарға жалғаспақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады