Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекет арасындағы  ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Қазір біз күрделі кезеңді өткеріп жатырмыз. Қазақстан мен Ресей коронавирустың таралуына және оның экономикаға тигізетін салдарына байланысты қиындықты бірлесе еңсеруде. Жуырда Владимир Путинмен кездесіп, өзара кеңестік. Жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екіжақты қатынастарды нығайту және Еуразия экономикалық одағы аясында өңірлік ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды.

Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлығы үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясы Президентінің жылы лебізін жеткізді.

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Қазақстанға сапары аясында жүргізген келіссөздер мен кездесулердің нәтижесі туралы айтып берді.

– Біз екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқыладық. Осы жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 34 пайызға өскенін атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 20 пайызға артық. Жыл соңына дейін 20 миллиард доллардан астам межеге қол жеткізгіміз келіп отыр, – деді М.Мишустин.

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Қазақстанда цифрландыру саласында қабылданған шешімдерге қатысты пікірін білдірді. Сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуына қарсы бірлескен шараларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.

– Кеше «электронды үкіметке» арналған орталықты араладым. Жұмыс өте тиімді ұйымдастырылған. Сіздер үшін де ашық екенімізді айтқым келеді, біздің ешқандай құпиямыз жоқ: Ресей Үкіметінің үйлестіру орталығында атқарылған жұмысты әрдайым көрсетіп жүрміз. Бірақ сіздердің соңғы заманауи жаңалықтарды жылдам енгізіп жатқандарыңыз мені таң қалдырды. Коронавирусқа келер болсақ, біз бұл қатерлі вирусқа қарсы күресте қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бүгінде «Sputnik V» вакцинасы Қарағанды фармацевтикалық зауытында жасалады. Оның 5 миллион дозадан астамы шығарылды. Бұл – үлкен жұмыс. Қорыта айтқанда, біз бауырлас тату көршілік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Алдағы уақытта да екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынасты жан-жақты дамытқымыз келеді, – деді М.Мишустин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын