Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміртаулық алаяқ елордалық сатушыларды алдаған

Теміртаулық алаяқ елордалық сатушыларды алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Біржан Сал көшесіндегі дәмханалардың бірінде жас жігіт ақша купюрасын ауыстыру сылтауымен 10 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді. Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орындарының сатушыларын алдаған.

Ойлаған ісін әрі жалғастыру мақсатымен қаскүнем қаланың дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңге купюрасын көрсетіп, ақшаны қолынан шығармаған.

“Сатып алушы” сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімелермен алаңдатып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлік қызметкерлеріне ақша айырбастау түріндегі алаяқтық туралы ескертеді. Сақ болыңыздар! Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны бөлу немесе “айыру” деген сылтаумен алдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады