Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда кальян ұсынатын дәмханалардың иелеріне айыппұл салынды

Таразда кальян ұсынатын дәмханалардың иелеріне айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Тараз қаласында дәмхана-барлардың иелеріне кальян үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда полиция қызметкерлері бейнеоператорлармен бірге кальяны бар орындар, кафе, барларға рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салу талаптарын бұзған 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылық деректері “MUSETTI”, “LORD”, “MATADOR” ,”BarBQ”, “SKY LOUNGE”, “Bult”, “Жаным Сол”, “Мята”, “С Кайфом”, “МANSARD”, “PABLO” көңіл көтеру орындарында анықталды.

Әкімшілік хаттамалар мекеме иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды.

Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленді.

Кальян үшін полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін “тынышталады”, содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге енді күн сайын тексеруге тура келеді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынатыны, вейптер мен электронды темекілердің таралуы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы нормаларды түсіндірді.

20 маусымынан бастап Жамбыл облысының полиция департаменті вейптерді сатқаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады.

– Кальяндар мен вейптерді ересектер ғана емес, өкінішке орай жастар арасында да өте жиі қолданады. Сондықтан ойын-сауық орындары тыйым салынған заттардан бас тарта алмай, заңсыз жұмыс істеуде. Олар тек табысты ғана ойлайды, ал адамдардың денсаулығына келетін қауіпті ойламайды. Бұл мәселеде екі тарап та өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет. Сондай-ақ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салуға қатысты соңғы өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта күшейтілген жұмысты жалғастырамыз, – деді Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты