Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасына орай Ақтаудың даму жоспары талқыланды

Президент тапсырмасына орай Ақтаудың даму жоспары талқыланды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

3 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай отандық және шетелдік жобалау компаниялары өкілдерінің қатысуымен Ақтау қаласының урбанистикалық даму жоспарын талқылады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды және жағажай туризмін дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда жергілікті атқарушы билік облыс орталығын соңғы тенденцияларға сай көркейтуді көздеп отыр. Басты мақсат – тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау.
Жиында Түркия, Белоруссия мен Қазақстанның белді сәулетшілері Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын абаттандыру, қайта қалыпқа келтіру, дамыту бағытындағы ерекше жобаларын ұсынылды. Жобалау компанияларының өкілдері Самал шағынауданынан бастап "Солдат жағалауына" дейінгі аралыққа заманауи үлгіде саябақ, спорт алаңдарын, біркелкі стильде павильондар, құрғақ субұрқақ, ашық қоғамдық бассейн мен пирс салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар туристердің мекеніне айналған Ақтауды айшықтайтын "Әуенді домбыра" атты үш сатылы монумент пен "Парус" кіреберіс стелласын орнатуды ұсынды.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай қала құрылысына жауапты тұлғалар мен сәулетшілерге ұсынылған жобаларды жинақтап, Ақтауды көркейтудің тұжырымдамасын жасауды тапсырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді