Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында қазақтың ежелгі дәстүрі қайта жаңғыруда

Жамбыл облысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ежелгі асар дәстүрі қайта жаңғыртылуда. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


- Жамбылдықтар көптеген игі бастамаларды батыл түрде жүзеге асырып, елдің ықыласына бөленуде. Олардың қатарында «Асарлатып үй салу» жобасы да бар. Облыс тұрғындары ата-бабаларымыздың ежелгі дәстүрін қайта жаңғыртып жатыр. Жанашыр азаматтардың қолдауымен 100 мұқтаж отбасы баспаналы болды. Осынау шараға белсенді атсалысқан барлық облыс тұрғындарына алғыс айтамын. Мұның бәрі бізді баршаға оңай тимеген 2020 жылы одан әрі жақындастыра түскендей. Бұл жобаны биыл да жалғастырамыз. Асар әдісімен тағы 100 үй салу жоспарлануда, - деді облыс әкімі.


Айта кету керек, «Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты – ауылдастарының ортақ күшімен көршілеріне, мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй салып беру.


Жоба аясында, бірінші кезектегі тұрғын үйге мұқтаж  адамдар жергілікті ақсақалдар кеңесінің мақұлдауымен шешіледі. Жер учаскесі мен құрылыс материалдарын бөлуде жергілікті атқарушы органдар да игі бастамаға барынша атсалысуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты