Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысы үшін инвестор анықталды

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысы үшін инвестор анықталды
Фото: primeminister.kz

Ақпарат Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқаратын трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2024 жылғы 7 ақпанда Түркістан облысының әкімдігі өткізген конкурстың қорытындысы бойынша «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысының негізгі инвесторы «TCL Gr.» ЖШС болды. Индустриялық аймақты басқаруға беру үшін инвестордың және Түркістан облысы әкімдігінің қатысуымен заңды тұлға құру рәсімдері басталды.

Отырыста Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында хаб салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерінде белсенді ілгерілеу байқалды. Мәселен, 2024 жылғы 15 ақпанда Сырдария облысында тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құруды жеделдету жайын, даму жоспарларын, инфрақұрылымды және хабты толтыруды талқылады. Инвестор Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп өнеркәсіп кооперациясы орталығын дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. ХШЫО шекара маңындағы аумақта Қазақстан тарапынан «Атамекен» және Өзбекстан тарапынан «Гүлстан» халықаралық өткізу бекеттері ауданында салынатын болады.

Сондай-ақ «TCL GR.» өзбекстандық Global Textile компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл дайын тоқыма өнімдерін өндіруге бағытталған ХШЫО-ның алғашқы инвестициялық жобасы. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның көршілес облыстары әкімдерінің орынбасарлары өнеркәсіп кооперациясы орталығын жедел құру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Каспий торабының құрылысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы салынып жатқан Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған проблемаларға назар аударылды. Бұл іс-шаралар Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты жүргізіліп жатыр, сондай-ақ ішкі акваторияда жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаңа айлақтар салу үшін қажет. Жұмыстар сауда мақсатында теңізде жүзудің экономикалық тиімділігіне, Қазақстанның экспорттық-импорттық және транзиттік әлеуетіне тікелей әсер етеді.

Кеңеске қатысушылар тереңдету жұмыстарын тезірек бастау үшін барлық қажетті рәсімді жеделдетуге келісті.

Сонымен қатар жедел штаб отырысында басқа шекара маңы хабтарының, атап айтқанда, «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы, «Алатау» индустриялық, сауда-логистикалық орталығы, Қорғас торабы және «Көлжат» құрғақ порты құрылысының барысы тыңдалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді